Желідегі күдікті хабарламаға қатысты Астана полициясы пікір білдірді

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Астана мектептерінде «оқушыларды жаппай қырып саламын»,- деген белгісіз хабарламалар пайда болды, - деп хабарлайды Qonaev.info.

Полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлім етті.

«Терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабар тарату 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын еске саламыз», - деп хабарлады Астана ПД.

Ал қалалық білім басқармасы мектеп оқушыларының штаттық режимде оқып жатқанын хабарлады.