Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Неліктен блогерлерді вакциналау насихатына тартуға болмайды

Азамат Ахметов
Фото google.com

PR-шы Ринат Балғабаев блогерлерді вакциналауды насихаттауға тартуға болмайды деп санайды.

Жұлдыздардың, блогерлердің және «халық сүйіктілерінің» вакциналауға шақырудағы жауапкершілігі туралы айта отырып, этика туралы ұмытпау керек, деді Ринат Балғабаев Qasqa Jol YouTube арнасындағы сұхбатында.

— Мен басқа блогерлерді вакциналауға шақырмаймын. Бұл менің этикам. Бұндай жауапкершілікті мен ешкімге жүктей алмаймын. Менің аудиториям шағын болғанымен, оларға әсер ете алатынымды білемін. Сауабы бар болса ғана әсер етуге дайынмын. Біреулер насихаттың арғы жағын ойламайды. Бұл пайда әкеле ме, зиянын тизіге ме дегенді ойламай ақшанын артынан жүгіреді. Вакциналауды насихаттап жүрген блогерлердің көп бөлігі тіпті өздері вакцина салдырмаған. Кейбіреулері салдырса да аудиториясына айтпайды. Мұндай оқиғалар да бар, – деп бөлісті блогер.

Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрінің блогерлер мен жұлдыздар арқылы вакциналауды насихаттау туралы мәлімдемесіне қатысты өз көзқарасын білдірді.

Сізге қызықты болады