Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазандағы қайғылы оқиға: Ильназдың әпкесі оның қандай бала болғанын айтты

Азамат Ахметов

Галявиев мектепте жақсы оқыған, электроника жөндеуді ұнатқан. Бос кезінде көбінесе компьютерде отыратын болған.

Қазанда мектеп оқушыларына оқ жаудырған Ильназ Галявиевтің жақын әпкесі қылмыскердің қандай бала болғанын айтты.

Оның айтуынша, Галявиев мектепте жақсы оқыған. Электроника жөндеуді ұнатқан. Бос кезінде көбінесе компьютерде отыратын болған.

Оған телефон да, компьютер де сатып беретін. Үнемі тыныш отыратын бала болған, - деді ол МК-ге берген сұхбатында.

Әйелдің сөзінше, Ильназ не себепті сабаққа баруын тоқтатқанын білмейді.

Мүмкін бірдеңе болған шығар? Мүмкін біреу ренжітті ме? Менің ойымша, оны қорқытқан болар. Ол 3 жыл бойы программисттің оқуын оқыды. Аз ғана қалып еді, - деді ол.

Ильназдың әпкесі оның және оның жақын туысқандарының алкогольге салынбағанын және наша шекпейтінін айтты. 

Біз теледидардан оның әкем жоқ, анам жоқ деп қалай ақырып жатқанын көрдік. Бәріміз қатты таңғалдық. Оның ата-анасы Ильназды қатты жақсы көрді, қажеттінің бәрін әперіп отырды. Ол бірдеңе ішіп алған шығар. Болмаса компьютердің не сектаның ықпалы. Бұл біздің Ильназ емес. Қызық. Ол тіпті қатты дауыс та көтермейтін еді, - деді әпкесі.

Сізге қызықты болады