Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Менің өмірімде бар да жоқ еді»: Сәуле Әбілдаханқызы экс-күйеуі жайлы айтты

Азамат Ахметов
Фото sn.kz

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы алғашқы күйеуі туралы сөз етті, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

“Өз басым, келін боп ата-ене көрмедім... Экс- күйеуімнің ата-анасы ерте қайтыс боп кеткен екен... жолдасым аға-жеңгесінің, әпкесінің қолында өскен... Шынымды айтсам, мен ата-енем болғанда ғой деп армандайтынмын... тіпті, тұрмыс құрмай тұрғанда болашақ күйеуімді, болашақ қайын ене, қайын аталарымды елестетіп, олар өз ата-анамдай маған тек жақсылық, бақыт тілейтін нөмірі бірінші тілеулестерім болады деп сенетінмін... ата-енемді шексіз, өз әке-шешемдей жақсы көріп, сыйлап, құрметтейтін боламын деп армандаушы едім... ене мен келін арасында болатын небір оқиғаларды естігенде менің ата-енем тек жақсы адамдар болатындығына, өзімнің де жақсы келін болатыныма шексіз сенетінмін... Өкінішке қарай, құдай маған ата-ене бермеді... күйеуімнің өзі де менің өмірімде бар да жоқ еді...

Бүгінгі таңда кейбір ене мен келін арасындағы бітіспес даулардың куәгері боп, ерсі қылықтар мен орынсыз оқиғалар туралы естіп, көріп жатамыз...

"Жақсы жерге түскен келін - келін,

Жаман жерге түскен келін - келсап...", "Жібекті түте алмаған жүн етеді, келінді күте алмаған күң етеді" деп қазақ атам бекер айтпаса керек...

Сізге қызықты болады