Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

COVID-ке қарсы вакцина әлі сынақтан өтіп біткен жоқ, адамдар өзінің сынаққа қатысып жатқанын білмейді – дәрігер

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Маманның пікірінше, ДСМ халықты толық ақпараттандырмай отыр

Белгілі дәрігер Анар Бакеева Есен Елеукенге сұхбат беріп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан вакциналауға қатысты ойын білдірді. Маман бұған дейін де өзінің Facebook-парақшасында екпе алудың мән-жайына қатысты өз ойын ашық айтып жүрген болатын. Оның сөзінше, COVID-ке қарсы вакцинаны адамдарға мәжбүрлеп егуге болмайды.

- Екпені алу ережесі бар ма? Әркім әрнәрсені айтып жүр, жұрттың пікірі әр түрлі

- Кез келген вакцинаны алудың ережелері бар, оны сақтамасақ денсаулыққа қауіпті.

Біріншіден, пандемия болып жатқан кезде вакциналау жүргізілмейді. Не үшін десеңіз, мысалы қазір аурудың симптомсыз түрлері пайда болды. Ауырып жатқан адамға вакцина салмайды. Вакцина дені сау, ешқандай ауруы жоқ адамға салынуы тиіс. Қазір кімнің қандай ауруы бар екенін тексеріп жатқан жоқ, жаппай егіп жатыр. Ал, коронавирус жұқтырудың 80 пайызы симптомсыз өтіп жатыр. Ал, жалпы халықтың 80 пайыздан астамы былтырдан бері бұл аурумен ауырып болды. Мәселен, Алматының санитарлық дәрігері таратқан ресми ақпаратқа қарасақ, осы қыс мезгіліне дейін Алматы халқының 55% ауырып шыққан. Бұл ресми тіркелгендер. Тіркелмей үйде жатқаны қаншама?!

- Неге енде ережесі сақталмай жатыр?

- Мен де сол сұраққа жауап беретін маманды таппадым...

Кеше «Астана» телеарнасының эфирінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцинаға қатысты түсініктеме берді. Бірақ, халыққа түсініксіз тілде сөйледі деуге болады. Бізде қазір вакцинаның үш түрі бар. Бірақ, үшеуі де сынақтың үшінші кезеңінде тұр, яғни әлі сыналып біткен жоқ. Бірінші мен екінші зертхана қабырғасында өтеді. Үшіншісі – клиникалық сынақ, яғни адамдарға жүргізілетін сынақ. Кеше ДСМ өкілінің өзі ресми берген мәлімдемесінде сол үшінші сынақ аяқталуға жақын екенін айтты.

- Сонда сынақ толық аяқталмаса қазір жаппай вакциналау қалай жүргізіліп жатыр?

- Осы вакциналау сол сынақтың үшінші кезеңі, бірақ оны ешкім анық айтып жатқан жоқ. «Сіз эксперименттің қатысушысысыз. Қазір сіздің денсаулықпен сынақ жүргізіп жатыр» деп анық айтуы керек.

- Ол біреуге жағады, біреуге жақпауы мүмкін ғой, олардың денсаулығына кім жауап береді?

- Вакциналау басталғалы бері екпеден кейін 4 адам қайтыс болды. Оларға қазір қарапайым патолого-анотомиялық қорытынды жасап жатыр. Бірақ, менің ойымша, вирусологиялық, биохимииялық қорытынды жасалуы керек еді. Яғни, дәрігерлер сынақтың ережелерін соңына дейін ұстануы керек.

Бұл егер сынақтың үшінші кезеңі болса онда оған қатысып жатқан адамдардың бәріне қолына қағаз берілуі керек «сынақ қатысушысы» деген. Олар вакцина туралы толық ақпаратты білуі керек. Қауіпті білуі керек. Сынаққа қатысатын адамдар өз еркімен қабылдау керек вакцинаны немесе ережеге сәйкес оларға ақша төленуі керек. Менің ойым осындай. Ал, бізде көп жағдайда мәжбүрлейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын видеоматериалдан көре аласыз.

Сізге қызықты болады