Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

«Назарбаевтың қатты күйзелгені байқалды»: психолог Елбасының соңғы видеоүндеуіне талдау жасады

Азамат Ахметов
Elbasy.kz

Жүздеген адамның өмірін жалмап, мыңдаған адамға жарақат салған «Қаңтар оқиғасы» әлі ұзақ уақыт елдің есінен шыға қоймасы анық. Жағдай қазір тұрақталғанымен, оқиғаның себеп салдары әлі тергеп-тексеріліп жатыр. Ал, БАҚ өкілдері мен қоғам Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 18 қаңтарда жариялаған видеоүндеуін талдап-талқылап жатыр.

Ресейлік «Московский Комсомолец» газетінің тілшісі психолог-профайлер Юлия Афанасьевамен сұхбаттасып, аталған видеоүндеуге жан-жақты анализ жасап көрді.

- Видеоны жай ғана ақпараттық үндеу деп айтуға келмейді. Көзге ең алдымен түскені, экс-президенттің бетінде ешқандай эмоция жоқ, мимика жоқ. Әрбір әрекеті барынша ұстамды. Ол жабық қалыпта отыр, оны қолдарынан байқауға болады. Бұл адам өз-өзін қолында ұстап отыр деп тікелей де, ауыспалы да мағынада айтуға болады. Үндеудің мәтіні алдын ала дайындалғаны анық, ол мәтінді оқып отырды немесе сөзбе-сөз жаттап алған. Эмоцияның болмауы да осыдан.

Назарбаевтың қатты күйзелісте екенін анық айтуға болады, қазіргі жағдайда мұның себебі түсінікті де. Оның қатты қобалжып отырғаны көрініп тұр. Өзі билік еткен тұстағы Қазақстанның жеткен жетістіктерін айтып отырған кезде де экс-президент мазасыз болды. Бірақ мұның екі түрлі мағынасы болуы мүмкін: бастаған ісін аяқтай алмаған үшін өкінеді немесе осы жайтқа байланысты өте ашулы. Ол бүкіл істеген ісі құрдымға кетті деп те ойлаған шығар... Сөйлеп отырғанда қолын екінші қолымен сипалай беруі оның расымен де қатты күйзелісте отырғанын көрсетеді.

Қаңтар оқиғасы туралы айтқанда ызаланып отырғаны да байқалды. Қатты уайымдап отыр, тіпті орындығынан қозғалып кетіп жатты. Бұл оқиғаны есіне алу оған ауыр екені көрінді. Қалай болғанда да, осы оқиғалардың бәрі оған өте ауыр соққы болып тиді.

- Күмәнсіз қарайтын сөздері болды ма?

- Назарбаев айтқан сөздерінің ішіндегі ең шынайысы – халыққа айтқан алғысы. Бұл сөзді айтқанда оның отырысы да өзгеріп кетті. Бірақ, көзінен өкінішті де анық аңғаруға болады. Ол шынымен де разы және өткен жылдарды өзі үшін жақсы уақыт деп есептейді.

- Өз құзыретін толық тапсыруы, мемлекеттің саяси өміріне араласпауы және зейнетке кеткені туралы айтқанда Назарбаев шынайылық танытты ма?

- Иә деп сеніммен айта аламын. Ол бұл сөздерді өте сеніммен айтты және жеңілдеп қалғанын да аңғаруға болады. Бірақ, мен оның елді тастап ешқайда кеткен жоқпын деген сөзіне күмәндандым.

- Сонда сіз оның бұл сөзін өтірік айтты деп ойлайсыз ба?

- Нақты өтірік деп те кесіп айтуға болмайды, бірақ оның осы сөзді айтқанда бір орында отыра алмай тыпыршығанын аңғардым. Ол өзін өте жайсыз сезінді. Бұл мәселе бүкіл елді алаңдатқаннан кейін болар, Назарбаев осы мәселеге келгенде қатты қобалжыды. Сондықтан өтірік деп айтуға болмайды.

Сізге қызықты болады