Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ринат Зайытов: Димаш Қытайдың саясатын түсініп, Қазақстанға қайтып келді

Азамат Ахметов

Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов әнші Димаш Құдайберген туралы Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында ой бөлісті.

«Димаштың Қытай саясатының құрбанына ұшырайын деп жатқаны рас еді. Сол кезде сондай жағдай келе жатқан. Қазір ғой, Димаш оның бәрін түсініп, өзі мына жаққа жұмыс істеп кетті. Ал ол кезде бүкіл репертуарын қалыптастыратын, сахналық болмысын қалыптастыратын Қытайдың продюсерлері болды. Саясат деген сол. Олар сол арқылы Қытайға қазақты жарнамалады. Осындай ел бар екенін көрсетті. Себебі ішкі Қытайда біздің бар екенімізді көп адам білмейді ғой. Міне, солар қызыға бастайды. Қытайдың өзінің миссиясы бар ғой, олар қанатын жайғысы келеді. Қарап, мыналардың жері тым үлкен, барып жұмыс істейік деп отыр. Инвесторларын салайын десе олар «қайдағы Қазақстан?» деп айтады. Сол кезде міне деп Димашты көрсетеді ғой», - деді Ринат Зайытов.

Ақын Димаш Құдайбергенді інісі ретінде жақсы көретінін, бірақ шынын айту ағалық міндеті екенін айтып отыр.

«Бірақ Димаш мына жаққа бұрылып кетті, өте дұрыс істеді. Әдемі өзгеріс болды. Қазір әндері қазақша. Қазір Димашпен кездеспейміз ғой, ал бұрын екі күннің бірінде студияда жүретін еді. Өзімнің бауырым, мен ондай болып кеткенін қаламаймын. Жақсы көрем оны, бала кезінен білем. Кезінде, иә, ұрсып та алатынбыз, «бар» деп жұмсап та алатынбыз. Саясатқа ұрынып қалмасын деп айту біздің міндетіміз. Айтқанымызды қабылдай ма, қабылдамай ма, ренжи ме, ренжімей ме, о жағы өзінің ақыл-парасатына аманат болсын», - деп түйді депутат.

Сізге қызықты болады