Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ – Ринат Зайытов

Азамат Ахметов

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында осылай деді.

«Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ. Ол тек мемлекетте жұмыс істеді. Егер Назарбаев ұлтқа қызмет еткенде қазір біздің мемлекеттік тіліміз тек қана қазақ тілі болып, отыз жылдың ішінде бәріміз қазақша сөйлеп жүретін едік. Егер ол кісі ұлтқа қызмет етсе, бізде опера, балет емес, қазақтың дәстүрлі жырларының театры, айтыстың театры, дәстүрлі әннің, күйдің бөлек театры болар еді. Халықаралық деңгейде қалыптасып, бүкіл әлемді дүркіретіп жүретін еді. Егер ол ұлтқа қызмет етсе нәтижесі көрінетін еді ғой. Сол себепті мен о кісі ұлтқа қызмет етті дей алмаймын. Басшының қызметін атқарды», - дейді ақын.

«Ал ұлтқа қызмет еткен адам қашанда ұлтарақтың күйін кешеді. Ұлтқа қызмет еткендердің ешқайсысы баянды ғұмыр кешкен жоқ. Бір адам бар  ма, сондай?» - деп айтты Ринат Зайытов. 

Сұхбаттың толық нұсқасын Abay LIVE Youtube арнасынан көре аласыздар.

Сізге қызықты болады