Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Екінші әйеліме үй әпердім, үшіншісіне ниет бар» - Омар Жәлелұлы

Азамат Ахметов

Белгілі абайтанушы Омар Жәлелұлы AbayLIVE Youtube арнасына берген сұхбатында өзіне қатысты «әйелін балаларымен қосып тастап кетіпті» деген қауесетке жауап берді.

«Шын мәнінде олай емес, мен қазір екінші әйеліме Ақтау қаласынан үш бөлмелі үй әпердім. 19 млн теңгеге. Сонда тұрып жатыр екі баламен, жұмысы бар, көмектесіп тұрамын. Тастап кеткен жоқпын, бәйбішем астанада өзіммен бірге. Екі немереміз бар. Жақында, бұйыртса тағы  бір немере күтіп отырмыз»,- деді Омар Жәлелұлы.

Журналистің «Тағы да көбеюге, үшінші әйел алуға мақсат, ниет бар ма?» деген сұрағына:

«Алла қаласа, әлбетте ниет бар. Ниетім жоқ десең нағыз оңбаған адам сен боласың» деп жауап берді ол.

Сізге қызықты болады