Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Енді дін туралы айтпаймын»: Құралай ханым Құранды қалай өзгерткенін айтып берді

Азамат Ахметов

Өзін психолог санайтын блогер Құралай ханым журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, адасқан жолға кіріп-шыққаны туралы оқиғасын айтып берді.

Құралайға қара жамылған келіншек келіп, діни кітаптар беріп кеткен екен. Блогер оның мағынасын аса түсінбесе де ішінде айтылғандарды өзінің уағыздарына қосқан.

«Бір қонақ үйде сабаққа барған едім. Оранған қыз, өзі арабқа шыққан, маған діни кітаптар берді. Ол кезде қазіргідей ақпарат көп емес. Кәдімгі Құранда жазылған сүрелер. Осыны арабтар оқиды, тоқтамай оқысаңыз өте көп пайда болады деді. Мәскеудегі психологым да мида көп ақпарат болғанда діни кітапты оқу керегін айтты. Мен осыны қыздарға айттым, кейін ол дау тудырып, талқыланады деп ойламадым. ҚМДБ-да Ершат деген имам бар, сол кісі «Құранды өзгертетін кімсіз?» деді. Менің қателігім сол болды. Мен дінге басыммен кіріп кеткем ғой. Кейін мен қателескенім жайлы жазба жаздым. Имамдарды тыңдаңыздар, намаз оқыңыздар мен бүгіннен бастап дін, дұға туралы айтпаймын», - деді Құралай ханым.

Оның айтуынша, қоғамда ол туралы жағымсыз пікір айтатындар көп. Алайда, ол пікірдің көбі жала дейді блогер.

«Менің айтқан дұғаларымнан адамдар өліп қапты деп айтып жатады. Ол адамдар қайда, туыстары бар, туғандары бар. Бізде заң бар, зайырлы мемлекетпіз»,- деді ол.

Сізге қызықты болады