Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Психолог қазақ еркектері әйелінің көзіне неге жиі шөп салатынын түсіндірді

Азамат Ахметов

Қазақстанда ажырасатын неке саны өте жоғары деңгейде қалып отыр. Мамандар мұның түрлі себебін айтып келеді. Ал, психолог, интим-тренер Айдана Сәкенқызы ажырасудың басты факторы ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы дейді. Мұндай пікірін ол PodcastTime YouTube-жобасында айтты.

Оның сөзінше, қазақ отбасыларындағы төсек мәселесін елімізде ең алғашқылардың бірі болып хиджабқа орынған қыз-келіншектер көтеріп бастаған.

«Жамылған қыздар төсек-қатынасын, техникаларды, интим жаттығуларды айтып бастады. Себебі Құранның өзінде жазылан, еркек күнде де, түнде де разы болуы керек деп нақты айтылған», - деді ол.

Айдана Сәкенқызы ер адамның әйелінің көзіне не себепті шөп салатынын да өздігінше түсіндіргісі келді.

«Бізге осы кезге дейін үлкендер қандай жақсы келін болуды үйретті. Үйде қамыр жайып, иіліп сәлем беруді бәріміз жақсы білеміз. Ал, түнде не істеу керегін ешкім үйретпейді. Түнде де сол ибалы келін образынан шыға алмаймыз. Сондықтан ер адамдардың әйелінің көзіне шөп салу фактілері бізде жиі кездеседі», – дейді психолог.

Оның пікірінше, бұл тақырыпты балаларға мектептің кезінен бастап үйрете беру керек. Ер мен әйел бірін-бірі қанағаттандырған кезде отбасы шайқалмайды деген пікірде интим-тренер.

Теги:
Сізге қызықты болады