Мәскеудің орталығында мұсылмандар бас көтерді. Олар күштік құрылымдардың әрекетіне наразылық білдіруде.
Ресей астанасының орталық көшелерімен жүздеген адам «Аллаһу акбар» деген ұранмен жүріп өткен. Полицейлер оқиға орнына келгенімен, митингке шыққан халыққа тиіскен жоқ.
Ресейлік телеграм-каналдардың жазуынша, ислам ұстанушыларының бас көтеруіне жергілікті күштік құрылымдардың мешітке аяқ киіммен басып кіруі себеп болған. 7 шілдеде мұсылмандар Котельники ауданындағы ғибадатханаға жұма намазға жиналғанда, суық қаруланған ОМОН құлшылықты бұзып, мешітте тінту жүргізіпті.