Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Тверь облысында Embraer бизнес ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады.
Embraer бизнес ұшағы Мәскеуден Санкт-Петербурге қарай ұшқан. Әуе кемесінде 3 ұшқыш пен 7 жолаушы болған.
Федералды әуе көлігі агенттігінің апатқа қатысты тергеуді бастағанын хабарлады. Жолаушылар арасында «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин мен осы ұйымның өзге де басшылары бар екені белгілі болды.
«Бүгін түнде Тверь облысында орын алған Embraer ұшағының апатына қатысты тергеу басталды. Жолаушылар тізімінде олардың арасында Евгений Пригожиннің аты-жөні де бар», - деп хабарлады департамент.
Осы апаттан кейін Санкт-Петербург қаласындағы «Вагнер» офисінің алдына адамдар гүл шоқтарын әкеліп қойып жатыр.
Ресей БАҚ-тары мұның теракт екенін жазуда. Өйткені, ұшақ әуеде жарылған. Бір болжам бойынша бортты жердегі ПВО атып құлатқан. Екінші болжам бойынша бомба ұшақ ішінде жарылған.
Есте болса 24 маусымда Евгений Пригожин мыңдаған сарбаздан тұратын жасағымен Мәскеуге жорық жасаған болатын. Жергілікті БАҚ өкілдері бұл кезде Владимир Путиннің Крмельді тастап қашып кеткенін де жазған еді. Алайда, бұл ақпарат әліге дейін ресми расталмады.
Ресейдің бірнеше облысынан кедергісіз өткен «Вагнер» жасағы ел астанасына кіре берісте тоқтап, кері қайтқан еді. Пригожиннің кері қайтуына Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзі себеп болған дейді. Арағайындық жасаған Лукашенко Пригожин мен Путинді ортақ мәмліге келтірген көрінеді.
Енді осы оқиғадан араға тура екі салып Пригожиннің өзі өлтірілді. Пропогандалық БАҚ-тар бұған Украина билігінің қатысы болуы мүмкін десе, елдегі өзге белсенді азаматтар "президенттің кегі" дегенді тұспалдауда.