Ол мінген ұшаұ белгісіз жағдайда апатқа ұшыраған болатын
«Вагнер» жеке әскери жасағаның жетекшісі болған Евгений Пригожинді Санкт-Петербургтегі Пороховский мазарына жерлеп тастаған. Жерлеу болатыны туралы РФ билігі еш жерде мәлімдемеді деп жазады жергілікті БАҚ өкілдері.
Пригожинді ақтық сапарға шығарып салуға оның туыстары мен өте жақын достары ғана келіпті.
«Вагнерліктің» сүйегі өзінің әкесінің моласының жанына қойылды. Жерлеп болғанға дейін бұл ақпарат жасырын сақталып келген. Тек топырағын салып болғаннан кейін ғана телеграм-каналдар бұл туралы жаза бастады.
Еске салайық, «Вагнер» жасағы Африка мен Сирияда соғысып танымал болған. Былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен бері бұл жасақ сол елде қанды қырғын жасады. Ал, маусым айының соңында Пригожин мен оның әскері Путиннің өзіне қарсы шығып, Мәскеуді басып алмақ болған. 23 тамызда ол мінген ұшақ белгісіз жағдайда апатқа ұшырап, бортта болған 10 адамның бәрі қаза тапты.