Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ливиядағы су тасқыны құрбандарының саны 6 мың адамнан асты

Азамат Ахметов

Бұл цифра әлі өсуі мүмкін

Соңғы мәліметтер бойынша Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 6 мыңға жуықтады.

Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, тағы 10 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енген.

Қазіргі кезде елдегі жағдай апатты деп танылды. Оның ішінде Дерна қаласы ең көп зардап шегіп отыр, онда екі бөгет бұзылған. Тұрғын үйлер, ауруханалар және басқа да маңызды әлеуметтік нысандар су астында қалды.

Ливия билігі табиғи апатпен күрес ел мүмкіндігінің аясынан асып кеткенін мәлімдеп, халықаралық көмекке мұқтаж екенін мойындады. Ливияның шығысы табиғи апат аймағы деп жарияланды.

Еске салайық, жексебі күні Ливияның шығысында «Дэниель» циклоны салдарынан су тасқыны болған еді. Бұған дейін 2 мыңға жуық қаза тауып, жеті мың адамның жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Сізге қызықты болады