Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Индонезияда автобус пен пойыз соқтығысып, 11 адам қаза тапты

Азамат Ахметов

Тағы үш адам ауыр жараланған

Индонезияның Шығыс Ява провинциясында пойыз бен шағын автобус соқтығысып, кем дегенде 11 адам қаза тапты.

Xinhua агенттігінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы микроавтобус жергілікті уақыт бойынша 19:53-те реттелмейтін теміржол өткелін кесіп өтіп бара жатқанда болған. 

«Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сізге қызықты болады