РФ президенті тағы екі елге осындай «жомарттық» танытып отыр
Ресей президенті Владимир Путин Беларусь, Қазақстан және Молдова тұрғындарына Ресей азаматтығын алуды жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Ресми түрде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Беларусь елінің 18 жасқа толған азаматтары үшін Ресей Федерациясында тұрған мерзімі, орыс тілін, тарихын және ел заңнамасының негіздерін білуі есепке алынбастан Ресей азаматтығын алуға өтініш бере алады.
«Қазақстан мен Молдова азаматтарына өтініш берген кезде елде тұрудың белгіленген мерзімін (бес жыл) сақтау және Ресей тарихы мен заңнамасын білу міндетті болмайды. Дегенмен, олар үшін орыс тілін білу талабы сақталып қалады», - делінген хабарламада.
Осылайша, Беларусь азаматтары Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен бірге тұруға рұқсат пен жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы керек. Ал Қазақстан мен Молдова азаматтары да орыс тілін білетінін растайтын сертификат ұсынса жеткілікті.