Қостанай облысында 40 жастағы ер адам туысының қолынан көз жұмды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында 40 жастағы ер адамды өз туысы өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Qonaev.info.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға 18 ақпанда болған.

«Таңғы сағатт 5.00 шамасында бас жарақатымен 40 жастағы ер адам аудандық ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Белгілі болғандай, сол күні оның 23 жастағы алыс туысы жәбірленушіге қонаққа келген. Олардың арасында жанжал туындап, соның салдарынан ауыр жарақат алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген», - делінген хабарламада.

Күдікті қылмыс орнында ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.