Тәжікстандағы жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Тәжікстанның Қытаймен шекарадағы аумағында магнитудасы 7 және 5,6 балдық екі жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстанның Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы (СЭТК) мәлімдеді, деп хабарлайды Qonaev.info.

«23 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 6.37-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 16. Магнитудасы – MPV 7. Тереңдігі 20 км. Жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы, Шымкент – 2-3 балл», - делінген хабарламада.

Сағат 7.35-те Алматыдан 636 шақырым жерде тағы жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 5,6 болды.