Darkhan Juzz деген атпен танымал болған әнші қайтыс болды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Darkhan Juzz деген атпен танымал болған қазақстандық музыкант, хип-хоп әнші Дархан Жүнісбеков өмірден өтті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Қайғылы хабарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында  жариялады.

«Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дарынды әнші Darkhan Juzz Дархан Жүнісбеков өмірден өтіпті. Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды. Еліне бергенінен берері көп, қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Darkhan Juzz атымен танылған Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.

Ол инди-поп әртісі, ән авторы және дыбыстық продюсер болды. Музыукант шығармашылығында классикалық трэп, акустикалық гитара және сезімге толы ұштасып жататын.