Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жаңаарқа ауданында үміткерлер өзекті мәселелерді қозғады

Азамат Ахметов

Ұлытау облысында кандидаттар құрамы Қызылжар, Түгіскен, Ақтүбекте ауылдарында кестеге сай кездесулерді сәтті өткерген соң бүгінгі күннің соңғы кездесуінің нүктесін қоюға Жаңаарқа ауданына табан тіреді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Мәдениет үйіндегі жиын әдеттегідей «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бастамаларды таныстырумен бастау алды.

Кездесуге жиналған тұрғындар өздерін толғандырып жүрген қордаланған мәселелер мен сауалдарын кандидаттарға жолдап, әрқайсысына толық жауап алды. Мәселелер легі төмендегідей:

  • ауданда агроном, зоотехниктер жоқтың қасы;
  • ет өңдейтін және сүт зауытының болмауы;
  • әлеуметтік тауарлар жиынтығының жетіспеушілігі, т.б.

Кездесуге келген белсенділер халық қалаулысы болып жатса, бұл мәселелерді зерттеп-зерделеп көретінін, шешімдерін қарастыратындарын жеткізді.

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – саяси науқан қарсаңында осылай өңір тұрғындарымен кездесіп, партияның артықшылықтарын түсіндіріп, бағдарламаларымен таныстыру өз нәтижесін беретіні даусыз.

Ашық, әділетті қоғам құруды көздеп, айқын мақсаттарды сайлауалды бағдарламасында 10 негізгі бағыт бойынша топтастырған «AMANAT» партиясына көпшілігінің ықыласының ерекше екені осы кездесуде көрініс тапты. Сайлаушылар кандидаттарға сәттілік тілеп, елдің мұң-мұқтажын жіті білетін азаматтар мен ханымдар мандат иеленсе, жаңа облыстың, ауыл-аймақтың қарапайым халқы мен еңбек адамдарының жағдайы мүшкіл болмайтынына сенімдерін білдірді.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сізге қызықты болады