Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркияда сел жүру салдарынан қаза болғандар саны 13 адамға жетті

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясындағы сел тасқынынан құрбан болғандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Qonaev.info Anadoly-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда Шанлыурфаға қатты жаңбыр жауған. Сел ағыны провинцияның әкімшілік орталығының бірқатар көшелері мен даңғылдарын басып қалды.

Провинцияның өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, Вейсель Карани кварталындағы ғимараттардың бірінің жертөлесінде табылған бес адамның сириялықтар болуы мүмкін деп отыр.

Қазір жауын-шашыннвң салдарынан сыртқа шыға алмай қалған тұрғындарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сізге қызықты болады