Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ШҚО-да пәтерден өрт шығып, 3 адам қаза тапты

Азамат Ахметов

Шығыс Қазақстан облысында көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шығып, соның салдарына 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qonaev.info.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 15 наурызда Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентінде болған.

«ТЖД бөлімшесіне 5 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден қатты түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде төргі бөлмеде диван, кілем мен ағаш еден жанып жатқан. Теусеру жұмысы кезінде жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталған.

«Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сізге қызықты болады