Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстан бойынша 10 146 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр - ОСК

Азамат Ахметов

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған учаскелердің ашылуы туралы ақпарат берді.

Елорда уақытымен сағат 8:15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті. 

Шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.

19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. 

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Сізге қызықты болады