Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары ресми түрде тіркелді

Азамат Ахметов

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын тіркеді,  деп хабарлайды Qonaev.info.

«Парламент депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталады. «Сайлау туралы» конституциялық заңның нормаларына сәйкес,  өз өкілеттіктеріне сәйкес ОСК VIII сайланымның Парламент Мәжілісінің депутаттарына тиісті шешімдерінің жобаларын әзірледі, ол алдын ала пысықталған да болатын», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбідоров.

Өз кезегінде ОСК хатшысы Мұхтар Ерман 6 сайлау партиясының құжаттары 27-28 наурызда ОСК-ға ұсынылғанын айтты.

«Заңға сәйкес, ОСК сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді. «Сайлау туралы» конституциялық заңда ОСК жаңадан сайланған Мәжіліс депуттарына  куәліктерін табыстап, омырауға тағылатын белгілер тапсыру көзделген. VIII сайланымның депутаттарын тіркей және  бір мандатты округтерден сайланғандарға ОСК-ның қаулылар жобалары дайындалды», - деді ол.

Сізге қызықты болады