Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Судья лауазымына 32 үміткер психологиялық тестілеуден өте алмады

Азамат Ахметов

ҚР Жоғарғы сот кеңесі Судья лауазымына біліктілік емтиханының шеңберінде өткізілген психологиялық тестілеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, судья лауазымына біліктілік емтиханынның төртінші кезеңі – судьялыққа кандидаттардың психологиялық тестілеуден өтуі аяқталды.

«Психологиялық тестілеуге, жалпы алғанда, 88 кандидат қатысты. Психологиялық тестілеудің нәтижелері бойынша тестілеуден сәтті өткен 56 кандидат біліктілік емтиханынның келесі кезеңі – Біліктілік комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуына жіберіледі», - делінген хабарламада.

Қалған 32 кандидат психологиялық тестілеуден өте алмай қалған.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңға қол қойды.

Сізге қызықты болады