Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Оларды биіктерден көргім келеді»: Елена Рыбакина жас теннисшілерге көмегі жайлы

Азамат Ахметов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан Уэллс мастерс турниріндегі жеңісінен кейін америкалық телеарнаға берген сұхбат беріп, қазақстандық жас теннисшілерге жасаған көмегі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Жақында Индиан Уэллс турниріндегі айтулы жеңісіңізден соң 14 қазақстандық жас теннисшіге қаржылай көмек бергеніңізді естідік. Мұндай әдемі қадамға баруыңызға не түрткі болды?» - деген сауал қойылды.

Отандасымыз өз сөзінде бұл істі бұрыннан жоспарлап жүргенін, алайда үнемі сапарда жүретіндіктен сәті түсе қоймағанын айрықша атап өтті.

«Сапарларым ұзақ уақыт алады. Дегенмен өзім бұрыннан көмектескім келетін. Себебі үлкен табыстарға қол жеткіздім. Спорт жолымның бастапқы жолында маған көмек қолын созғандардың бәріне, соның ішінде федерацияға осылайша алғысымды білдіргім келді. Әрине, өзгелер секілді бізде де қолдауды қажет ететін жас таланттар көп. Көп ұзамай оларды биіктерден көргім келеді», - деп жауап берді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, осыған дейін Елена Рыбакинаның қазақстандық 14 жас теннисшіге 2,5 млн теңгеден бөлгені хабарланған.

Сізге қызықты болады