Елімізде жанармай бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Qonaev.info.
Azattyq Ruhy тілшісі сұрағына жауап берген министр жанармай бағасы қаншалықты қымбаттайтынын түсіндіріп берді.
«Ауыл шаруашылығы үшін дизельдің шығарылып жатқан көлемі жеткілікті. Бағаны өзгертіп, күзге дейін оны зерттеп, нарық қалай болатынын бағалаймыз. Осы тапшылық мәселесін қалпына келтірсек, едәуір азайтсақ. Баға туралы қосымша шешім қабылдауға дайынбыз. Өсе ме, өспей ме, ол болашақта шешіледі. Адымен жазға дейін тапшылықты шешуіміз керек. Транзиттік көлік көлемін азайту мәселесінен кейін бұл мәселеге қайта келеміз», - деді Болат Ақшолақов.
Ол атағандай, ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет.
«Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде:
Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады», - деді ол.