Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«АрселорМиттал Теміртауға» небәрі 2,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на 2,7 миллион теңге сомасында айыппұл салынды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды ​​облыстық департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қатысты өтініштерін қарау аясында, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мамандары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты», - деп атап өтті ведомство мамандары. 

Бұл ретте, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылу энергиясын өндіру, сарқынды суларды шығару, суды тарату желілері арқылы жеткізу, электр энергиясын беру, бәсекеге қабілетті кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуіне кірме жолды беру үшін бойынша қызметтері бойынша Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген.

«ТМРКД заңды тұлғалардың өтініштерін қарау аясында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның атына ақпаратты беру мерзімі көрсетілген сауал жолдады, бұл ретте субъект ақпаратты сауалда белгіленген мерзімдерді бұза отырып берген.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау арқылы шаралары қабылданды. Бұл баптың санкциясында 2 760 000 теңге айыппұл қарастырылған», - делінген хабарламада.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, 7 тәулік ішінде айыппұлдың 50% мөлшерінде қысқартылған тәртіпте 1 380 000 теңге көлемінде төледі.

Сізге қызықты болады