Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Балқаш көлінде екі ер адам суға батып кетті

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысы Сарышаған кентінің екі тұрғыны Балқаш көліне батып кетті. 35 және 58 жастағы ер адамдар балық аулауға шыққан. Алайда құтқарушылар олардың қайығын таппады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Ер адамдар қайықпен балық аулауға шығып, байланысқа шықпай хабарсыз кеткен. Құтқарушыларға балықшылардың жоғалғанын туыстары хабарлаған.

Оларды іздеуге Приозерск қаласынан құтқарушылар аттанды. Іздеу жұмысына жергілікті тұрғындар да атсалысты.

Жағалау белдеуі қаралып, құтқарушылар көлдің түбіне бірнеше рет сүңгіген.

«Жағадан шамамен екі шақырым жерде ТЖД іздеу тобы екі ер адамның денесін тапты. Біз қайықты таппадық. Өлімнің мән-жайын полиция органдары анықтайды. Сот сараптамасы тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Аймақтың құтқарушылары балықшыларға балық аулау алдында қайықтың жағдайын мұқият тексеріп, әр адамға құтқару шеңбері, белбеу немесе көкірекше болуы керектігін еске салады.

«Дауылды ауа райында және тәуліктің қараңғы уақытында суға шығуға тыйым салынады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін балық аулағанда жағадан алыс кетпеңіздер», –делінген ТЖД хабарламасында.

Теги:
Сізге қызықты болады