Павлодарда бір жасар бүлдіршін шелектегі суға батып кете жаздады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда бір жасар бүлдіршін қыз шелектегі суға батып кете жаздады. Бұл туралы Qonaev.info тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш басылым мәліметіне жүгінсек, сәби ауруханада жатыр.

"2022 жылы туған қыз шелектегі суға батып кете жаздады. Ол 10 сәуірде аудандардың бірінен санитариялық авиациямен жеткізілді", - дейді облыстық балалар ауруханасының өкілдері.

Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтады. Бір жасар қыз соматикалық бөлімде жатыр.

Айта кетейік, өңірде 2022 жылы дәл осындай оқиға болған. 2022 жылы туған бала шелектегі суға батып, қайтыс болған.