Шымкентте автобуста ерсі қылық жасаған ер адамның жеке басы анықталды

Азамат Ахметов

Шымкенттік полицейлер автобуста 12 жастағы қыздың алдында өзін қанағаттандырған ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Qonaev.info қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер оқиға Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта оны ұстау үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.