Семейде мотоцикл жүргізушісі жол апатынан көз жұмды

Азамат Ахметов

Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлер оқиға орнынан видео жолдады. Жол апаты Семейде Мұхамедханов - Абай көшелерінің қиылысында өткен түнде болған.

"11 мамырда сағат 19:00 шамасында Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі пен Honda мотоциклымен соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне хзөждюсәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.