Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қырғызстанда қарулы топ пен ІІМ арасында қақтығыс болды

Азамат Ахметов

Бішкек маңында атыс басталды, арнайы операция жүріп жатыр, деп хабарлайды Qonaev.info.

24.kg мәліметіне жүгінсек, Шу облысындағы Дмитриевка ауылында атыс болып жатыр. Бішкекке баратын жол жабылған.

Басылымның дереккөзіне сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстамақ болған, алайда олар оқ жаудырған.

Кейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі арнайы жасақ қызметкерлері қарулы лаңкесті ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады. Бірақ олар қарулы қарсылық көрсеткен.

"Лаңкес жойылды. Оқиға орнында ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деді министрлік.

Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, Дмитриевка ауылы Бішкектен 30 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, онда қарулы топты ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп жатыр. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі қауіпсіздік қызметкері жараланған.

Сізге қызықты болады