Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шығын - 50 млн теңге: Қостанай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырушысы сотталды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру дерегін Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтады.

"2021 жылы сотталушы "Antares" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты", - делінген хабарламада.

Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірілген.

Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Сізге қызықты болады