Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі - Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Qonaev.info Қырғызстан МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың іздеуде жүрген мүшесі, 1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.А.А. ұсталды. Ұсталған азамат Алматы облысы аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен іздеуде болған", - делінген хабарламада.
2022 жылдың қарашасында Қазақстан азаматы Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені хабарланды. Ол СИН №21 мекемесіне орналастырылған.