Атырауда 29 жастағы бойжеткен биіктіктен құлап, мерт болды.
Оқиға бүгін, 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында болған.
«Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан 1994 жылы туған азаматша құлаған. Бойжеткен оқиға орнында қаза тапты. Оның жүйке ауруларымен есепте тұрғаны анықталды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір полиция қызметкерлерінен құралған жедел топ аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады.