Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Шетелдік 200-ге жуық компанияның салық бойынша 4,1 млрд теңге қарызы бар - Бас прокурор

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының инвестицияларды қорғау туралы сауалына жолдаған жауабында шетелдіктер құрған жалған компанияларды салық жалтарудың құралы ретінде пайдалану белең алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Негізінен үшінші елдердің азаматтары заңды тұлға құрылғаннан кейін Қазақстаннан кететінін, ал олар құрған компаниялар жалған шот-фактураларды жазып беру, салық төлеуден жалтару жəне қаражатты көлеңкелі айналымға шығару схемаларында пайдаланылатынын атап өту қажет.

Анықтама ретінде: салық органының деректері бойынша бизнес-көшіп келуші визасы жоқ кəсіпорындардың қызметін іріктеп талдау арқылы 198 компанияда 4,1 млрд теңгеге салық берешегі анықталды, тіркеу орны бойынша 1,5 мыңнан астамы жоқ жəне 2 мыңға жуық фирма жұмыс істемейді», - деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ Бас прокурор қазақ-түрік кәсіпкерлерінің қауымдастығының шағымындағы мәселелерге тоқталады.

«Аумақтық прокуратуралардың мəліметтері бойынша соттар 2022 жылы жəне 2023 жылдың өткен кезеңінде салық органдарының Түркия азаматтарының қатысуымен шаруашылық жүргізуші субъектілерді тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап қоюлары бойынша 36 азаматтық істі қараған.

Оның ішінде 34 іс бойынша талап қоюлар қанағаттандырылды, екеуі бойынша бас тартылған. Талап қоюда «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына жəне заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салатын 40-бабы бұзылғаны туралы дəлелдер негізге алынған.

Соттардың пікірінше, аталған норманы сақтамау Қазақстан аумағында кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мүмкін еместігін растайды жəне сонымен бірге жойылмайтын сипаттағы əрі осындай компаниялардың тіркелуін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылатын елеулі бұзушылық болып саналады. Аталған даулар АПК-нің 435-бабына сəйкес Бас прокурор сот актілеріне наразылық білдіре алатын істер санатына жатпайды», - дейді Берік Асылов.

Сізге қызықты болады