Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей орманы» қорығында орман өрті 3500 гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды Qonaev.info.
Abainews Тelegram-каналының жазуынша, үш учаскеде авиациялық және автокөлік техникасы арқылы өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Мамандардың айтуынша, секундына 6-10 метрге жететін екпінді жел, сондай-ақ тығыз өсетін дәнді дақылдар мен сортаңды аумақтардың болуы өрт сөндіруді қиындатып отыр, бұл өрттің өршуіне себеп болуда.
«Абай облысындағы өртті сөндіруде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының өрт сөндіруші-құтқарушылары көмекке келді», - делінген хабарламада.