Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден жұмысы күшейтілді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы Qonaev.info Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық және өзбекстандық кеден органдары уағдаластық бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Түркістан облысының Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы барлық өткізу пункттерінде кездесулер мен аралау өткізілді. Өткізу пункттерінде кедендік ресімдеудің бизнес-процестерін оңайлату бойынша уағдаластықтар қаралып, қолжеткізілді", - делінген хабарламада.

Соңғы он тәулікте Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пункті арқылы өткізу жүзеге асырылды:

  • "Қазығұрт" өткізу пункті-2 243 жүк көлігі;
  • "Б.Қонысбаев" өткізу пункті - 4 280 жүк көлігі;
  • "Атамекен" өткізу пункті - 1 796 жүк көлігі.
  • Бұл ретте бір жүк көлігі үшін орташа тіркеу уақыты 2-3 минут болады.

"Өз бағытын тиімді жоспарлау және шекарада тоқтап қалуды болдырмау мақсатында жүргізушілер мен тасымалдаушыларға CarGoRuqsat (cgr.qoldau.kz) автоматтандырылған электрон кезек жүйесі арқылы бекеттің жүктемесін және ағымдағы жол жүру кезектілігін қадағалау ұсынылады, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсында (trk.kgd.gov.kz)", - деді комитет өкілдері.

Сізге қызықты болады