Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Елімізде соңғы қоңырау қашан атап өтіледі?

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы 3,7 миллион оқушы мектеп бітіретінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 миллион астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты - 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек "Алтын белгіге" үміткер", - деді министр Үкімет отырысында.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда - Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.

"Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл 20-22 маусым аралығында өтеді", - деп толықтырды министр.

Сондай-ақ, қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен емтихан 5-19 маусым аралығында өтеді.

Сізге қызықты болады