Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жамбыл облысында сапасыз құрылыс салғандарға 25 млн теңге айыппұл салынды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сапасыз құрылыс салған мердігерлерге айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Біз қазір әлеуметтік желіде құрылысқа қатысты сындарды көп көріп жүрміз. Құрылыс пен жолдардың сапасына қатысты жұмыстарды мердігерлер атқарады. Мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасы бар. Жақында қосымша мемлекеттік қызмет штатын бердік. Былтырғы және биылғы 4 айдың статистикасын қарасақ, басқарма тарапынан жоспардан тыс тексеру көлемі екі есе артқан. Былтыр осы мерзімде 8 млн теңге көлемінде, ал биыл 25 млн теңге айыппұл салынды. Яғни, 3 есе артты», - деді ол.

Нұржігітов атағандай, мердігерлерді келісімшарт бойынша жұмыс істеуге үйрету керек.

«Мердігерлер құрылыс саласында жұмыс істеуге рұқсат алады. Сол рұқсатты біз сот арқылы кері алдық. Былтыр мұндай шаралар болмаған. 4 техникалық қадағалаушының лицензиясын 4 айға тоқтаттық. Жол саласындағы құрылыста да мұндай іс-шаралар бар», - деді облыс әкімі.

Сізге қызықты болады