Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Шымкенттегі №90 мектеп бір допты 232 мың теңгеге сатып алмақ болған

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы бір баскетбол добын 232 мың теңгеге, волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алғысы келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qonaev.info.  

Оның айтуынша, Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл сатып алудың алдын алып, бюджеттің 2,2 млн теңгеден астам қаражатын үнемдеп қалған.

«Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - деп хабарлайды Ерғарин.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

Сізге қызықты болады