Қазақстанда таратылатын екінші деңгейлі банктердің тізімі жарияланды

Азамат Ахметов

Құжатты талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда таратылатын екінші деңгейлі тоғыз банктің тізімі жарияланды. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталы жазды, деп хабарлайды Qonaev.info

Құжатты талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейдегі 21 банк жұмыс істейді. Сонымен бірге тарату процесінде 9 банк бар. 2022 жылдың басынан бастап агенттік (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – Ашық НҚА.) екінші деңгейлі банктің басшы қызметкері лауазымына 13 кандидатты қоюдан бас тартты», – делінген құжат жобасында.

Лицензиясынан айырылып, таратылып жатқан банктер:

  • Валют-транзит банкі;
  • Қазинвестбанк;
  • Delta Bank;
  • Эксимбанк Қазақстан;
  • Астана Банкі;
  • Qazaq Bank;
  • Tengri Bank;
  • AsiaCredit Bank;
  • CapitalBank Kazakhstan.
Теги: