Маңғыстау облысында ер адам бір үйдің екі қызын азғындаған деп хабарлайды Lada.kz. Полицияға ұсталған сәтте ол өзіне қол жұмсап өлген.
Маңғыстау облысының дәрігерлері мен қоғам белсенділері өңірде ерте жүктіліктің белең алып бара жатқанын айтып дабыл қақты. Қазірдің өзінде облыста жүктілік есебінде кәмелетке толмаған 105 қыз тіркеуде тұр екен.
Ерите жүктілік ауылдағы қыздар арасында жиі тіркеледі дейді қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан. Ол бір ғана Бейнеу ауданындабылтыр сегіз жасөспірімнің жүкті болғанын, биылдың өзінде тағы 12 қыздың аяғы ауыр екенін айтып отыр.
«Биыл ақпан айында жантүршігерлік оқиға тіркелді. 60 жастағы ер адам бір үйдің кішкентай екі қызын әбден азғындап келген. Олардың үлкені 16 жаста болса, кішісі небәрі 12-де. Екеуі де сол ер адамға ғашық болған дейді. Кейін мәселені қыздардың анасы біліп қойған кезде ол дереу полицияға арыз жазған. Ұсталған күдікті полиция бөлімшесіне келген сәтте терезеден секіріп көз жұмды», – дейді Бибігүл Рамазан.
Ал, тағы бар қолғам қайраткері Гүлбаршын Қарабалинаның айтуынша, батыс өңірінде қыздар арасындағы ерте жүктілікке діни ағымдар кінәлі. Бүгінде өңірде хиджабқа оранған жасөсрімідердің көп екені белгілі. Салафизм секілді ағымдарға ерте кірген қыздар ерте күйеуге шығып, ерте бала туу керек деп есептейді екен.