Cемейде 48 жастағы ер адам 9 жасар қызды зорлаған

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Семейде 9 жасар қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Abai News порталы.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 48 жастағы ер адамды кінәлі деп тауып, оны 25 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын ол қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Оқиға 2022 жылы тамыз айында болған. Педофил жәбірленген қыздың көршісі болып шықты.