Шығыс Қазақстан облысында жарты жылдан бері іздеуде жүрген әйел өлі табылды деп хабарлайды Orda.kz. Марқұмды өзінің 15 жастағы ұлы айуандықпен өлтірген.
Белгілі болғандай, жасөспірім таксикоман болып шықты. Клей иіскеп жатқанда анасы үстінен түскен. Екеуара ұрыс болып, масайған бала жердегі таспен анасының басынан ұрып жарған. Әйел құлаған сәтте ұлы бас сүйегі шашылып қалғанға дейін таспен тоқпақтай беріпті. Кейін мәйітті арбаға салып, қараусыз қалған үйдің ауласындағы шұңқырға тастаған.
Арада бірнеше күн өткеннен кейін әйелге іздеу жарияланды. Арада тек 5 ай өткеннен кейін ғана оның өлі денесі табылып отыр. Мәйітті сол тастанды үйдің иесі тауып, дереу полицияға хабар беріпті. Тәртіп сақшылары марқұмның ұлын сұрақ-жауапқа шақырғанда ол дереу анасын өлтіргенін мойындаған.
Сот қылмыскер баланы жасөспірімдерге арналған колонияда 10 жыл жазасын өтеуге үкім шығарды.