Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Тағы да педофил»: Абай облысында 9 жасар бала зорланды

Азамат Ахметов

Абай облысында педофил 9 жасар баланы зорлады деп хабарлады «Не Молчи» қоғалысының жетекшісі, белсенді Дина Таңсәрі. Оған жәбірленген баланың әкесі арызданып келген.

Кішкентай бала әжесімен бірге үйде болған екен. Әйел ыдыс жуып жатқанда үйге белгісіз ер адам кіріп келіп, баланы зорлаған. 

«Анам үйге кіргенде ұлым іш киімін киіп жатыр екен. Оны асханаға алып барып, не болғанын сұрағанда болған жайтты айтып берген, құйрығының ауырып тұрғанын айтқан», – депті ер адам.

Дәрігерлер тексеріп болғаннан кейін баланың артқы қуысында жарақаттың көп екенін анықтапты. Денесінде көгерген іздер де болған. Педофил оны күшпен ұстап, аузын қолымен жапқан, кейін тірлігін бітіріп, ешкімге айтпауын талап етіп, өзі қашып кеткен көрінеді.

Қазіргі таңда педофилді полицейлер ұстапты. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сізге қызықты болады