Астанада ВИЧ инфекциясын жұқтырған екі бойжеткенге қатысты еліміздің бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді.
Бұған дейін Астана әкімдігі жанындағы ВИЧ инфекциясын алдын алу орталығы елордада екі жасөспірімнің осынау дертке шалдыққанын растаған болатын. Олар 16 және 17 жастағы қыздар болып шықты.
«Аурудың таралуына негізінен жыныстық қатынас себеп болады. Бұл жағдайда да сол фактор себеп болған. Екі қыз да қазір тіркеуге алынды. Олармен жыныстық қатынасқа түскен өзге ер адамдардың бәрі тізімге алынып, тексерілді. Біреуі – яғни инфекцияны таратушы анықталды», - деді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің меңгерушісі Інжу Аймағамбетова.
Сархат Бейсенованың айтуынша, жыл басынан бері Астанада 206 адамның ВИЧ жұқтырғаны анықталған. Бұл аурумен ауыратындардың дені елордада 20-39 жастағы азаматтар екен. Олардың 90 пайызы инфекцияны жыныстық жолмен жұқтырған.