Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Денесін шұңқырға тастап, бетін бетондап тастаған»: Шымкенттік жігіт туған ағасын қалай өлтіргенін айтып берді

Азамат Ахметов

Шымкентте осыдан екі жыл бұрын туған ағасын айуандықпен өлтірген жігіт ұсталып, қамауға алынды деп хабарлайды Полиция департаментінің бапсасөз қызметі.

Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы арызды полицияға оның анасы 2021 жылы жазған. Содан бері тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, одан еш нәтиже шықпаған. Тек биыл жыл басында кездейсоқ куәгердің сөзінен кейін бұл іске жоғалған жігіттің інісі қатысты екені анықталыпты.

Полиция күдіктіні дереу ұстаған. Тергеу барысында ол аталған қылмысты расымен де жасағанын мойындап, бұған ағасының анасымен күнделікті жанжалдасатыны және оның ішкілікке салынғаны себеп болды деп түсіндірді.

Күдікті үйде ешкімнің жоғын пайдаланып ағасын өз қолымен өлтірген. Мәйітті ол дәретхана шұңқырына тастап, бетін бетондап тастаған, оның үстіне қора салыпты.

Қазір ағасын өлтірген ер азамат қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сізге қызықты болады